×

«GGG-Канело» бокс кеші: Қазақстандық боксшы жеңіске жетті

Айқас 10 раундқа созылды

 Халық үні 18.09.2022 | 08:19
фото: vesti.kz

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында қазақстандық боксшы Әли Ахмедов қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Кәсіпқой бокста бұған дейінгі 26 кездесуінің 15-інде жеңілген америкалық Габриэль Росадо Әли Ахмедовке қарсы айтарлықтай сәтті өнер көрсетті деуге болады. 10 раундқа созылған айқаста қазақстандық боксшы барлық раундтың қорытындысы бойынша жеңіске жетті.

Айта кетейік, «GGG-Канело» трилогиясының андеркардына бірінші болып америкалық Энтони Эррера (2-0-1) мен Делвин Маккинли (4-3-1) шыққан болатын. Аса жеңіл салмақтағы кездесу Маккинли көзінен алған жарақатына байланысты, мерзімінен бұрын аяқталды.

Тағы бір америкалық боксшы Аарон Апонте (6-0, 2 КО) мексикалық Фернандо Молинаның (8-0, 3 КО) бірінші орта салмақтағы жекпе-жегі тең аяқталды.

Ал жеңіл салмақтағы америкалық Марк Кастро (7-0, 5 КО) тағы бір мексикалық Кевин Мендосаны (6-1-2, 3 КО) бесінші раундта жеңіп кетті.

Тағы бір америкалық боксшы Диего Пачеко (15-0, 12 КО) пуэрторикалық Энрике Кольясоны (16-2-1, 11 КО)10 раундтық жекпе-жектің 5 раундында нокдаунға жіберіп, артынша төреші айқасты тоқтатты. Осылайша Диего Пачеко супер орта салмақтағы WBC титулын жеңіп алды.

Орта салмақта өткен тағы бір жекпе-жкте Остин Уилиямс (11:0:0) қарсыласы Киерон Конуейден (18:2:1) басым түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама