×

Головкин - «Канело» жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Бокс кеші Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді

 Халық үні 17.09.2022 | 22:48
фото: коллаж

Бүгін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Бұл айқас Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Трансляция 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 05.00-де басталады және оны телеарналардың ресми сайттарынан да тамашалауға болады.

Сағат 05:00-де негізгі кард жекпе-жектері бастау алады, ал басты айқас шамамен 8.00-ден кейін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама