×

Биыл Қызылорда облысының өзінде 297 өрт шыққан

Салдарынан 3 адам қаза тапты

 Еркеғали Болатұлы 17.09.2022 | 10:11
фото: ашық дереккөз

Биылғы 8 айда Қызылорда облысында 297 өрт оқиғасы тіркелген. Солардың салдарынан 3 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алыпты.

Облыстық ТЖД мәліметінше, аталған оқиғалардың 25-і өрт объектілерінде, 180-і тұрғын үй секторында, 70-і автокөлікте, 13-і далалы алқапта, 9-ы басқа да жағдайларда тіркелген.

Олардың басым көпшілігі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан болған. Сондықтан жылу беру маусымында пеш пен электр қондырғыларын талапқа сай пайдалану, балаларды қараусыз қалдырмау қажет, - дейді Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков.

Еске сала кетсек, кеше де Қызылорда қаласында жанармай құйылған цистерна өртенген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама