×

2 жігітті балта, шынжырмен ұрып-соққан: Ақтауда бетперделі топты ұстау сәтінен видео жарияланды

2 жігітті балта, шынжырмен ұрып-соққан маскадағы 3 күдікті Ақтау полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Халық үні 16.09.2022 | 19:33
Фото: видеодан скриншот

Полиция Ақтауда есірткі “жасырғандарды” азаптағандарды ұстау сәтінен видео жариялады. Тәртіп сақшылары азаптаушылардың желіде тараған суретіне қатысты да пікір білдірді, деп хабарлады Lada.kz

2 жігітті балта, шынжырмен ұрып-соққан маскадағы 3 күдікті Ақтау полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, - делінген Ақтау полиция Департаментінің хабарламасында. 

ІІМ баспасөз қызметі ол ақпаратта көрсетілген фотосуреттегі жеке мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

Фотосуреттегі жеке мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта Полиция департаменті бұл мәліметті таратушының жеке басын анықтау фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізіп жатыр, - делінген ІІМ Тelegram-арнасындағы хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама