×

Әділет министрі: Елдің келесі басшысы Конституциядағы президент мерзімі туралы норманы өзгерте алмайды

Парламент Конституция өзгерістерін қабылдады: Президент 7 жылға сайланады, Астана атауы қайтарылады

 Дәурен Ерболат 16.09.2022 | 12:53
Фото: akorda.kz

Келесі президент Конституциядағы президент мерзімі туралы норманы өзгерте алмайды. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.

«Бүгін Конституцияға президент мерзімін жеті жылға созу және президент бір ғана мерзімге сайлана алады деген нормалар қабылданды. Бұл баптар өзгеріссіз қалады. Яғни, келесі президент те, парламент те бұл нормаларды өзгерте алмайды», - Қанат Мусин.

Әділет министрінің айтуынша, бұл норманың өзгермеуін Конституциялық сот қадағалайды және ол Конституцияға ұсынылған кез келген өзгерістерге қатысты қорытынды береді.

- Конституциялық соттың жаңа құрамы Ата заңға өзгеріс енгізе ала ма?

«Жоқ. Ол Конституциялық сот шешпейді. Конституциялық заңда бап бар. Біз оған президенттің өкілеттілік мерзімі туралы норманы қостық. Ата заңда еліміздің аумақтық тұтастығы, егемендігі, басқару нысаны туралы және тағы басқаралы өзгермейтін норма болып саналады», - деп жауап берді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама