×

Месси рекордын жаңартты

Ол Чемпиондар лигасында 39 командаға гол соққан алғашқы футболист атанды

 Дастан Жұмабекұлы 15.09.2022 | 17:28
фото: ашық дереккөз

Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы, аргентиналық Лионель Месси Чемпиондар лигасының екінші турында Израильдің «Маккаби Хайфа» командасына гол соғып, рекордын жаңартты.

Месси Чемпиондар лигасында 39 командаға гол соққан алғашқы футболшы атанды. Осы ойынға дейін Лионель Месси мен шабуылшы Криштиану Роналдудың әрқайсысы 38 команданың қақпасын дәл көздеген болатын.

Сонымен бірге ол Чемпиондар лигасында 18 маусым бойы гол соғып, Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Карим Бенземаның рекордын жаңартты. Францияның футболисі 17 маусым бойы гол соққан. Ал «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду (Португалия) Чемпиондар лигасында 16 маусым қатарынан нысананы дәл көздеген.

Лионель Месси - әлемнің жеті дүркін үздік ойыншысына берілетін «Алтын доптың» иегері, алты дүркін «Алтын бутсы» жүлдесінің иесі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама