×

Алматы облысы мектептеріне орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер қажет

2022-2023 оқу жылында мектептерде 265 орын бос тұр

 Айгерім Таубай 14.09.2022 | 18:08
Halyq Uni

Алматы облысындағы мектептерге 265 маман қажет. Бұл туралы облыстың білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жаңа 2022-2023 оқу жылында облыста 425 мемлекеттік, 23 жекеменшік мектеп, 6 кешкі мектеп жұмыс істейді. Биыл мемлекеттік білім беру ұйымдарына 330 985 оқушы, 23 жекеменшік мектептерде 7 508 бала, 6 кешкі мектепте 912 бала білім алып жатыр.

Облыстағы 425 мемлекеттік мектептің барлығы компьютер техникасымен 100% жабдықталған. 74 266 компьютер бар. Оның 65818 (88,6%) ауыл мектептеріне бөлінген, - деп хабарлады білім басқармасы.

Облыс бойынша 60 IT сынып, 11 STEM кабинет бар. Өңірде 24 096 интерактивті тақта бар. Жабдықталу көрсеткіші –  90%.

Алматы облысында апатты жағдайдағы мектептер жоқ.

2022-2023 оқу жылында мектептерде 265 маман жетпейді.

Орыс сыныбында бастауыш сыныпқа сабақ беретін 50 мұғалім, орыс сыныбында математикадан сабақ беретін 65 мұғалім қажет, - деп хабарлады басқарма.

Сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 150 маман қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама