×

Әскерді Арменияға жіберу туралы әңгіме болған жоқ – Сыртқы істер министрі

Шекараны бұзып жатыр деп айту қиын

 Дастан Жұмабекұлы 14.09.2022 | 10:58
фото: ашық дереккөз

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның бітімгершілік әскерін Арменияға жіберу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Қазір Әзербайжан мен Арменияның шекарасы толық шешілмеген. Шекараға делимитация, демаркация жасалмаған. Сондықтан шекараға қауіп төнді, шекараны бұзып жатыр деген әңгіме туралы айту қиын. Сол себепті, біріншіден, әзербайжан-армян шекарасын бекіту үшін  демаркация мен делимитация жасау жөніндегі біріккен комиссия құрылы керек. Біз тәжірибемізді көрсете аламыз. Біздің Ресейден басқа елдердің бәрімен шекара мәселесін шешіп алды. Ресеймен шекара мәселесі алдағы екі-үш жылда шешілуі керек, –  деді ол.

Осы ретте, министр Әзербайжан мен Арменияға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін жіберу туралы әңгіме болмағанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама