×

ҰҚШҰ саммиті кезінде Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында атыс болды

Қазір қарулы қақтығыс ара-тұра болып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 14.09.2022 | 10:32
фото: ашық дереккөз

Бүгін  Қырғызстан мен Тәжікстанның шекарасында тағы атыс болды. Қырғыз Республикасы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, тәжік қарулы күштері Баткен облысы Булак-Башы елді мекеніне жақын орналасқан шекарада екі ел арасында осы кезге дейін жасалған келісімшартты бұзып, қырғыз әскерилеріне қару қолданған.

Тәжік әскерилері Қырғызстан жауынгерлерінің талабын ескергісі келмей, оқ атқан. Қырғыз шекарашылары да қарап қалмай, қару кезген. Осыдан кейін екі жақ бір-біріне тоқтаусыз оқ жаудыра бастаған. Тәжік сарбаздары миномет қолданған. Қазір атыс ара-тұра болып жатыр. Атыс тоқтаған жоқ, –  деп хабарлады ведомство.

Комитеттің хабарлауынша, әзірге екі жақтан да жарақат алған немесе қаза тапқан адам туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнына Баткен облысындағы шекара бөлімінің бастығы барды. Сонымен бірге Қырғыз Республикасы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Баткен облысы бойынша басқармасының бастығы Кыялбек Толонбаев пен Тәжік Республикасы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Согдий облысы бойынша басқармасының бастығы Хикматулло Пиракзода қарулы қақтығысты ушықтармау үшін кездесуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама