×

Дэвис кубогы: Қазақстан мен Нидерланды командалары кездеседі

Матч бүгін елорда уақытымен түнгі сағат 01.00-де басталады

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2022 | 16:55
фото: ашық дереккөз

Бүгін Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогының топтық турнирі басталып, Қазақстан құрамасы Нидерланды командасымен кездеседі.

Қазақстан мен Нидерландыдан басқа «D» тобында АҚШ пен Ұлыбритания құрамалары өнер көрсетеді. Плей-офф кезеңіне үздік екі команда жолдама алады.

Қазақстан – Нидерланды матчында алғашқы болып командалардың екінші ракеткалары Михаил Кукушкин (221 АТР) мен Таллон Грикспур (48 АТР) кортқа шығады. Бұл екеуі бұрын бір-бірімен ойнамаған.

Содан кейін қос құраманың үздіктері Александр Бублик (44 АТР) пен Ботик ван де Зандсхулп (35 АТР) кездеседі. Олар да бір-бірімен кортта кездеспеген.

Үшінші ойында, өзгеріс болмаса, Андрей Голубев – Александр Недовесов жұбы Матве Мидделкоп – Уэсли Колхофпен күш сынасады.

Матч бүгін елорда уақытымен түнгі сағат 01.00-де басталады. Алғашқы екі кездесуді «Qazsport» телеарнасының сайтынан көруге болады. Үшіншісі тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама