×

Келесі жылы жанар-жағармай делдалдарсыз сатылады

Бензинге цифрлық жүйе енгізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2022 | 14:16
фото: ашық дереккөз

Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов жанар-жағармай мәселесіне қатысты министрліктерге тапсырма берді.

Ол Энергетика министрлігі мен Цифрлық даму министрлігіне 15-қыркүйектен бастап жанармай құю станцияларына жанар-жағармайды есепке алудың цифрлық жүйесін енгізуді, Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы жылдың соңына дейін ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жеңілдікпен дизель отынын бөлу жүйесін енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен бірге Үкімет басшысы 2023 жылдан бастап Энергетика министрлігі мұнайды өңдеудің жаңа жүйесіне көшуді іске асыруы тиіс екенін айтты. Осы ретте, ол мұнай өнімдерін сату кезінде делдалдардың болмауы керектігін, Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде тұтынушыларды сұйытылған газбен толық қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама