×

Қазақстан Еуропаның клубтық чемпионын ұтты

Отандастарымыз турнирдің жеңімпазы атанды

 Дастан Жұмабекұлы 13.09.2022 | 10:07
фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Босния және Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында отырып ойнау волейболынан XXVII Edin ibrakovic атындағы халықаралық турнирі өтті.

Негізгі бөлігі Атырау облысы спортшыларынан құралған Қазақстан құрамасы осы турнирге қатысып, жеңімпаз атанды.

Бұл туралы Параволейбол федерациясы хабарлады.

Қазақ параволейболын дамытуға ерекше еңбек сіңіріп жүрген білікті бапкер Бауыржан Тахауовтың шәкірттері финалда Еуропаның клубтық чемпионы –  «Синови Босне Лукавас» командасын жеңді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама