×

Ақтөбеде мемлекеттік мекеме қызметкерлері туды неге өртегендерін түсіндірді

Мемлекеттік туды өртеу сәтінен түсірілген видео көпшіліктің наразылығын туғызды.

 Халық үні 13.09.2022 | 07:06
ашық дереккөзден

Ақтөбе облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметкерлері аула ішінде туды өртеген. Қызметкерлер әлеуметтік желіге тарап кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді.

Бұл видео әлеуметтік желіге тарап, көпшіліктің наразылығын туғызды.

Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 12 қыркүйекте арнайы комиссия есептен шығарған туды өртеген. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес ұзақ уақыт пайдалану салдарынан жарамсыз болған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туларын және оларды қайта қолданбау мақсатында өртелді, - деді  мемлекеттік мекеме басшысы Қаблан Қамбарбеков.

Айта кетейік, осы жолмен мекеме екі жылда 29 мекемеден жиналған 60-тан астам туды өртеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама