×

Air Astana авиакомпаниясына 21 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Жолаушылардың құқығын бұзған екі әуекомпания жауапкершілікке тартылды

 Халық үні 12.09.2022 | 18:22
photo @ Руслан Пряников

Азаматтық авиация комитеті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Жұмыс барысында 2022 жылдың 16 шілдесінде Air Astana әуекомпаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша КС-853 рейсі резервтік ұшу экипажын күту себебінен 27 сағат 21 минутқа кешіктірілгені анықталды. Рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға қолданыстағы заңнамада қарастырылған қызметтер ұсынылмаған - қонақ үйге орналастыру.

Осыған байланысты, биыл 6 қыркүйекте Air Astana әуекомпанияларына қатысты рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл салынды. Осылайша, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Air Astana әуекомпаниясына (Fly Arystan – құрылымдық бөлімшесі) қатысты жалпы сомасы 7 000 АЕК (21 441 000 тг) жеті айыппұл салынды.

Аталған кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар 8 000 АЕК (24 504 000 тг) сомасына сегіз рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама