×

Qazaq Air ұшағы құстармен соқтығысып қалды

Ол Жезқазған әуежайында тұр және жақын күндері ұшу-ұшпауы екіталай

 Еркеғали Болатұлы 12.09.2022 | 18:12
фото: дереккөз

Qazaq Air лайнері құстармен соқтығысып, апаттық жағдайда қонды. Ал оның ұшуды қашан жалғастыратыны белгісіз.

Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы жазды. Ондағы мәліметтерге қарағанда, биыл еліміздегі әуе компанияларының жұмысына қатысты шағымдар жылдағыдан өте көп. Олардың басым көпшілігі рейстердің кешігуіне, аударымдардағы кемшіліктерге, тіпті ұшулардың тоқтатылуына да байланысты болып отыр.

Бұлардың объективті себептер де бар. Мысалы, ұшақтардың құстармен соқтығысуы көбейген. Ал әуежайлардың құстармен күресуді не үшін тоқтатқаны әзірге белгісіз. Бірақ әуе компаниялары қазірдің өзінде құстардың ұшаққа қарсы ұшуына бірдеңе істеу керектігі жөнінде дабыл қағып жатыр. Дәл қазір Qazaq Air лайнерінің көрінісі осындай. Ол Жезқазған әуежайында тұр және жақын күндері ұшу-ұшпауы екіталай, - деп жазылған ақпаратта.

Қазір зақымданған Qazaq Air ұшағы жөнделіп жатыр екен. Ұшақ елордаға сағат 12:30-да ұшуы керек болғанмен, оның қашан қалпына келтірілетіні әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама