×

«Шығынның орнын темір өткізіп толтырамын». Өрттің ортасында қалған әулиекөлдіктер не дейді?

Түні бойы жанды. Шелекпен жүгіріп жүріп сөндірдім. Оттың ұшқыны жан-жаққа ұшты...

 Еркеғали Болатұлы 12.09.2022 | 17:05

«Сұрауы бар» Youtube арнасы атынан журналист Құралай Пионер Қостанай облысына арнайы барып, «Әулиекөл. Өрттен кейінгі өмір» деректі фильмін дайындады. Фильмде орман өрті шарпыған Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай аулының тұрғыны таң атқанша өртпен жалғыз өзі алысқанын айтты. Ақырында ол қызыл жалынмен шамасы келгенше арпалысып, амалсыздан үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Үйім отқа оранғасын, қатар тұрған үйге өрт көшпесін деп сөндіре бастадым. Түні бойы жанды. Шелекпен жүгіріп жүріп сөндірдім. Оттың ұшқыны жан-жаққа ұшты. Аңдып жүріп, су құйғаннан ғана от жайылған жоқ. Таң атқанша арпалыстық, екінші күні де шоқ болып бықсып жатты, - дейді Аманқарағай ауылының тұрғыны Владимир Зенко.

Оның жанкештілігінің арқасында күл-талқаны шыққан үймен қоңсы тұрған ғимарат аман қалыпты. Жанын шүберекке түйген ер-азамат «өрт келгенде қара басымды ойлайтындай жағдайда болмадым» дейді. Алайда ол көк түніннен көз аша алмаған соң, үйді тастап кетуге мәжбүр болған.

Ал үй-күйсіз қалған келесі тұрғын Аманжол Ахметов қарашаңырақтан қалған қара темірді өткізіп, ептеп шығынның орнын толтыра бермек.

«Екі теледидар, барлық жиһаз, кілемдер күлге айналды. Жаңадан алынған еді. Үй, қора, моншадан қалған темір-терсектің барлығын өткіземін», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама