×

Елорда әкімдігі Art Sport жобасы тоқтамағанын мәлімдеді

Жобаға тағы 13-14 млрд теңге бөлінеді

 Халық үні 12.09.2022 | 14:27
ArtSport жобасын қаржыландыру тоқтатылатынын естіген ата-аналар, 2022 жылдың 19 мамыры

Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев жыл аяғына дейін Art Sport жобасы тоқтамағанын, оған алдағы уақытта тағы 13-14 млрд теңге бөлінетінін жеткізді.

«Елордада Art Sport жобасы тоқтаған жоқ. Жоба өткен жылдың 2 мамырынан бері жұмыс істеп тұр. 2021 жылы бұл бағдарламаға 602 млн теңге бөлінген. Соның арқасында 20 мың бала үйірмелерге қатысты. 2022 жылы жобаға қатысатын балалардың күрт артты. Аталған бағдарламаға 45 мыңдай ваучер тіркелді. Оның 30 мың ваучер бүгінде жұмыс істеп тұр», - деді басқарма басшысы.

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы Art Sport жобасына 5,2 млрд теңге жұмсаған.

«Енді қараша, желтоқсан айларын жабу қажет. Әкімдік балалар спортын қолдауға көп ақша бөліп келеді. Еліміздегі өзге өңірлердің ешбірі бұл бағдарламаға мұндай қомақты қаражат бөлген жоқ деп есептеймін. Мемлекеттік спорт тапсырысынан бөлек мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бар. Бұл екі тапсырысқа оларда да 40 мыңдай ваучер бар. Сонда қала әкімдігі жыл соңына дейін аталған жобаға 13-14 млрд теңге бөледі. Бұл өте үлкен сома», - деді Самат Жылқыбаев.

Бұған дейін елордалықтар Art Sport платформасындағы тегін үйірмелер мен спорттық секциялар үшін үш айдағы қарызы 1,4 млрд теңгеге жеткенін айтып, осыған қызмет көрсетушілер мен ата-аналардан құрылған наразы топ елордалық спорт басқармасының ғимаратына жиналды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама