×

Қаржы пирамидасын құрған БҚО тұрғыны сотталды

Қылмыскер 153 азаматтың ақшасын алған 

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2022 | 11:28
фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторниг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті елден ақша жинап, «Нұр жиһаз» онлайн жобасында жиһаз ойнату арқылы, міндетті түрде жаңа салымшыларды тарту шартымен қаржылық пирамидасын ұйымдастырған азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Тергеу барысында 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілген 153 азамат анықталды.

Сот істі талқылап, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты кінәлі деп танып, қаржылық және коммерциялық ұйымдарды басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама