×

Әлем чемпионаты: балуандар бес алтын, екі күміс, жеті қола жүлде алды

Қазақстан 24 елдің арасынан 14 медальге ие болды

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2022 | 09:38
фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстанның Наманган қаласында белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты аяқталып, дүбірлі додаға қатысқан 24 мемлекет арасынан Қазақстан құрамасы 14 жүлдені жеңіп алды.

Белбеу күресінің еркін түрінен Жандос Әбубәкіров (Қызылорда облысы, 57 кг), Қайсар Шамшадинов (Түркістан облысы, 100 кг) әлем чемпионы атанса, классикалық түрінен Қалмұхан Тұрмаханбет (Түркістан облысы, 57 кг), Әділет Шалғынбекұлы (Ақтөбе облысы, 62 кг) пен Тоқтарбек Айдарбек (Түркістан облысы, 90 кг) құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Жанболат Дартаев (Ақмола облысы, 90 кг) пен Мереке Құдайбергенова (Қызылорда облысы, 76 кг) әлем чемпионатының классика түрінен күміс жүлдегер атанды. Қола медальге күрестің еркін түрінен Айдос Құлманбетов (Түркістан облысы, 90 кг) пен Бекбол Нұрланұлы (Ақмола облысы, 100 кг), классикалық түрінен Тобыл Құрғұнбаев (СҚО, 57 кг), әйелдер арасында Назерке Әбілтаева (Қызылорда облысы, 52 кг), Гүлзира Құдасбек (Түркістан облысы, 58 кг), Айнұр Ақжігітова (Түркістан облысы, 66 кг) мен Меруерт Әбубәкір (Түркістан облысы, +76 кг) ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама