×

Бір күнде COVID-19 жұқтырғандар саны айтарлықтай азайды

16 мыңға жуық науқас емделуде

 Дәурен Ерболат 12.09.2022 | 09:03
Фото: astana.gov.kz

Елімізде коронавирус жұқтырғындар саны бір күнде 2 есе азайды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың 93 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 16,
  • Алматыда – 20,
  • Ақмола облысында – 9,
  • Атырау облысында – 4,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 1,
  • Абай облысында – 1,
  • Батыс Қазақстан облысында – 1,
  • Қарағанды облысында – 17,
  • Қостанай облысында – 14,
  • Маңғыстау облысында – 4,
  • Павлодар облысында – 2,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 4.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 391 645 жетті. 

Сондай-ақ 231 адам COVID-19-дан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 89,
  • Алматы – 24,
  • Батыс Қазақстан облысында – 19,
  • Қарағанды облысында – 39,
  • Ұлытау облысында – 7,
  • Маңғыстау облысында – 6,
  • Павлодар облысында – 47.

Елімізде барлығы 1 362 359 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

11 қыркүйектегі мәлімет бойынша 15 983 адам коронавирустан емделуде.

Олардың ішінде 338 пациент стационарда, 15 645 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 12 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпенді жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  •  «Қызыл» және «сары» аймақта тұрған өңірлер жоқ;
  •  «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше COVID-19 вирусы 180 адамнан табылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама