×

Жамбыл облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Түрлі жарақат алған тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді

 Наима Нұрәлі 11.09.2022 | 13:54
Фото: egemen.kz

Жол-көлік оқиғасы кеше Алматы-Ташкент республикалық маңызы бар автожолдың 219-шақырымында болған. Бұл туралы Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Күндіз шамамен 14:30-да «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің 26 жастағы жүргізушісі Қордай ауылы жағынан Әлжан Ана ауылына қарай келе жатқан. Автокөлікте төрт жолаушы болды. Рөлді басқара алмай қалған жүргізуші көлікті аударып жіберген, содан кейін автомобиль инерциямен ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан «Volkswagen Passat» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, - делінген хабарламада.

Түрлі жарақат алған тағы бір жолаушы Қордай орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама