×

Қызылордада күйеуі ұрып өлтірген әйелге қатысты тың дерек шықты

Күдікті ұсталғанымен, марқұмның туыстары қылмысқа қатысы бар өзгелердің де жазаланғанын қалайды

 Халық үні 11.09.2022 | 08:36
Фото: instagram/nemolchi.kz

Қызылордада 29 жастағы жігіт келіншегін ұрып өлтірді. Осы қылмысқа қатысты жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

«Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің жазуынша, 27 жастағы әйел сол күні туған күнін атап өту үшін күйеуімен бірге дәмханаға барған.

Екеуі 2015 жылы отбасын құрған.Үш ұлы бар (5, 3, 2 жаста). Күйеуі бұған дейін де оны ұрып-соққан. Ол балалары үшін кешіріп келген. Сіңлім жоғары білімді. Бір аптадан кейін лицензиясын алып, нотариалдық қызметпен айналысуы керек еді, – дейді марқұмның әпкесі.

2 тамыз күні марқұм 27 жасқа толған. Сол күні балаларын анасына тастап, күйеуімен туған күнін атап өткен.

Олар үнемі тек екеуі тойлайтын, өйткені күйеуі қатты қызғаншақ, -  дейді қайтыс болған әйелдің туысы.

Сөйтіп, қайғылы оқиға 3 тамызға қараған түні болған.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдікті ұсталғанымен, марқұмның туыстары қылмысқа қатысы бар өзгелердің де жазаланғанын қалайды.

Әйелді қаскөйдің қолында қалдырып, аса ауыр қылмысқа жол берген полицейлерді жауапқа тартуды талап етеміз. Ағасы Нұрболды қылмыстың қатысушысы ретінде тануды, ал оның әйелін қылмыс туралы хабарламағаны үшін, ал караоке қызметкерлерін жазбалардың көзін жойғаны үшін жауапқа тартуды сұраймыз,  – делінген марқұмның туыстары жазған хатта.

Олар Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының қызметтен кетуін де талап еткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама