×

Оралда дене шынықтыру сабағында 3-курс студенті көз жұмды

Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті Уәлихан Нұрлыбекұлы сабақ үстінде есінен танып құлаған.

 Халық үні 10.09.2022 | 18:33
Фото: tengrinews.kz

9 қыркүйекте Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті дене шынықтыру сабағында қайтыс болды. Бұл туралы «Mой город» басылымы хабарлайды.

Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті Уәлихан Нұрлыбекұлы сабақ үстінде есінен танып құлаған.

Мұғалім мен медбике алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жедел медициналық жәрдем бригадасы да студентті реанимациялық шаралар жасағанымен нәтиже бомаған.

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы студенттің ешқандай соққы мен жарақат алмағанын және белгісіз себеппен құлағанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама