×

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Куәгерлердің айтуынша, 6 көлік соқтығысқан, бір адам көлік ішінде қайтыс болды

 Халық үні 09.09.2022 | 14:54
Коллаж: Халық үні

Жамбыл облысында бірнеше автокөлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқиға Шу қаласында болған. Куәгерлердің айтуынша, 6 көлік соқтығысқан.

Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 9 қыркүйекте түнгі сағат 01:37 шамасында болған.

«Mercedes-Benz» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесі бойымен қатты жылдамдықпен келіп, «Volkswagen Golf 3» көлігін соққан. Көлік рөлінде 29 жастағы азамат болған.

Салдарынан «Volkswagen Golf 3» автокөлігі өртеніп, бір жолаушы қаза тапты.

Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.

Полицияның хабарлауынша, апатқа байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі («Көлікті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама