×

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы теннистен Astana Open турниріне қатысады

Жарыс 1-9 қазан аралығында болады

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2022 | 17:30
фото: betassist.ru

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы Astana Open теннис турниріне қатысады

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, ұлыбританиялық Энди Маррей Astana Open ATP 500 турниріне қатысады.

Ол жарысты ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.

Энди – үш бірдей «Үлкен дулыға» додасында (Wimbledon – 2013, 2016, US Open-2012) үздік шығумен бірге теннис тарихында ерлер арасында жекелей сында екі мәрте Олимпиада чемпионы атанған жалғыз спортшы.

Осылайша, 1-9 қазан аралығында астанадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында өтетін додада Э.Маррейден басқа «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпиондары Даниил Медведев (US Open-2021), Марин Чилич (US Open-2014) пен Стэн Вавринка (Australian Open-2014, Roland Garros-2015, US Open-2016) күш сынасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама