×

«SPAR» супермаркеті Қазақстанға келе жатыр

Нидерланды компаниясының әлемнің 48 елінде 13 600-нан астам дүкені бар

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2022 | 16:25
фото: forbes.kz

Қазақстанға Нидерландының «SPAR» супермаркеті келе жатыр.

Forbes.kz-тің хабарлауынша, «SPAR» компаниясы «Small» супермаркет желісімен бірігіп жұмыс істейді. Биыл оның алғашқы дүкендері ашылады.

«SPAR» компаниясы 1932 жылы құрылған. Бүгінде «SPAR International» компаниясының әлемнің 48 елінде 13 600-нан астам дүкені бар. 2021 жылы компанияның табысы 41 млрд еуроға жеткен. 

«Small» супермаркет желісі елімізде 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның дүкендерінен ай сайын 4 млн-нан астам адам заттар сатып алады. Қазақстанда «Small-дың» 100-ге жуық дүкендері ашылған. Онда 8 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама