×

Өрт сөндірушілердің айлығы полицейлердің жалақысымен теңестірілуі мүмкін

Қазір 20 жылдан астам өтілі бар қызметкердің еңбекақысы 200 мың теңгеден сәл асады

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2022 | 11:47
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Қазақстанда өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланып отыр.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов айтты.

Оның айтуынша, елімізде өрт сөндірушілер алғашқы жұмыс жылында шамамен 115 мың теңге жалақы алады. Ал еңбек өтілі 20 жыл болса, оның жалақысы 200 мың теңгеден сәл асады.

Сонымен бірге ол Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметінің жеке құрамы 19,5 мыңға жуық адамға жеткенін атап өтті.

Министрлік жалақыны көтеру мәселесін шешу үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін істеп жатыр. Министр де осы мәселенің күн тәртібінде тұрғанын бірнеше рет айтты. Президент те Қостанай облысына барғанда айлық мәселесін қарастыру керектігін ескертті. Енді министрлік басшылығы премьер-министрмен кездескенде осы мәселе пысықталып, тиісті шешімдер қабылданады, - деді ол.

Ол сөндірушілердің жалақысы неше теңге болатынын айтпады. Бірақ олардың еңбекақысы полицейлер мен ҰҚК қызметкерлерінің жалақысымен теңестірілуі мүмкін екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама