×

«Елімізде жеке басқа табынушылық болмау керек!» - Мәди Ахметов (ВИДЕО)

Қаңтар оқиғасына дейінгі және кейінгі Қазақстанды салыстыруға болмайды, дейді ол

 Халық үні 07.09.2022 | 21:15
фото: ашық дереккөзден

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов басқа депутаттармен қатар «тұңғыш президент» күніне арналған демалысты алып тастауға дауыс берді, деп хабарлайды orda.kz.

Бүгін Мәжіліс депутаттары «тұңғыш президент» күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды қарастырған заң жобасын мақұлдады.

Барлық 98 депутат өзгерісті қолдады, соның ішінде Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынған Мәди Ахметов те бар.

Біз қазір жаңа Қазақстанды құру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Не болды, сол болды. Мен сізге тағы да айтамын, қаңтар оқиғасына дейінгі және кейінгі Қазақстанды салыстыруға болмайды. Біздің елімізде жеке басқа табыну емес, мемлекетшілдік жалғыз қағида болу керек, – деп мәлімдеді Мәди Ахметов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама