×

Әділбек Жақсыбеков сайлаудан бас тартты

ҚФФ президенттігіне сайлау 28 ақпанда өтеді

 Ербол Тұрымбет 11.02.2022 | 11:25
көрнекі фото: 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатының ашылуы

Футбол федерациясы сайлау комитетінің отырысы 10 ақпанда өтті. Комитет мүшелері ҚФФ президенті лауазымына кандидаттардың қауымдастық мүшелері ұсынған құжаттарын қарады. Сайлау 2022 жылы 28 ақпанда ҚФФ конференциясында өтеді.

ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековтің кандидатурасы сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты тіркелмеді.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы сайлауға келесі үміткерлер тіркелді:

Әділет Назарбайұлы Барменқұлов – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қазақстан Футбол федерациясы» қауымдастығы» ЗТБ президентінің кеңесшісі;

Ерлан Еркінбекұлы Жарылқасынов – «Қазақстан әуесқой футбол лигасы» ҚБ төрағасы;

Берік Сералыұлы Қаниев – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Давид Григорьевич Лория – Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясы қауымдастығы ЗТБ президенті;

Қайрат Айтмолдаұлы Оразбеков – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, «Қайрат» АФК президенті;

Серіктес жаңалықтары

Сараптама