×

Әлем чемпионаты: Мария Бровкова ел қоржынына екінші жүлде салды

500 метр қашықтықта қола медалист атанды

 Дастан Жұмабекұлы 05.09.2022 | 09:39
фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Венгрияның Сегед қаласында байдарка мен каноэ есуден жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Мария Бровкова 500 метр қашықтықта қола жүлдегері атанды.

Мария 1000 метр қашықтыққа каноэ есуден Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған болатын.

Осы жерде бір айта кететін нәрсе, Мария биыл БҚО спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты бітірді. Соңғы қоңырау кезінде ол облыс спортының басшысы Қаймен Есенаманұлын өзі биге шақырып, вальс билепті. Сол кезде көзі қырақты атақты спортшы-балуан оған: «Алдағы өтетін әлем чемпионатында жеңімпаз бол!», деп өзінің ақ батасын берген екен. Ақжайық спортын өрге сүйреп жүрген білікті басшының ақ батасы қабыл болып, енді міне, Мария әлемді мойындатып отыр. Жас дарынды спортшыларға қолдау көрсетіп жүретін Қаймен Есенаманұлындай басшылар көп болса қазақ спортшыларының алар асулары әрқашан мол болар еді.

Қаймен Есенаманұлы Марияның анасы, әрі оның жеке жаттықтырушысы Елена Бровкованы құттықтап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама