×

Қазақстанның волонтерлерді үйлестіру орталығы қостанайлықтарға көмек көрсете бастады

АБҚО базасында консультациялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 04.09.2022 | 15:29
Фото: yassy-tur.kz

Қостанай облысындағы апаттық жағдайға байланысты АБҚО республикалық Birgemiz фронт-офисімен, сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, еріктілердің республикалық үйлестіру орталығының жұмысын ұйымдастырды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram арнасында жарияланды.

АБҚО базасында консультациялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек жүргізіліп жатыр. Үйлестіру орталығына өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары мен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге дайын еріктілер хабарласа алады.

Қостанай облысында көптеген отбасылар баспанасыз қалды. Адамдар кез-келген көмекке мұқтаж. Біз республикалық еріктілерді үйлестіру орталығының жұмысын қайта ұйымдастырдық. Барша қазақстандықтарды өрттен зардап шеккендер жандарға көмектесуге шақырамыз, - деп мәлімдеді Республикалық еріктілерді үйлестіру орталығында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда өрттен зардап шеккен халыққа көмек көрсету акциясы басталғаны туралы жазған едік. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама