×

Рамзан Кадыров тақтан кетуі мүмкін

Оның орнына орынбасары Адам Делимханов тағайындалуы мүмкін 

 

 Халық үні 04.09.2022 | 05:45
фото: ашық дереккөзден

Шешенстанды 15 жылдан бері басқарып келе жатқан Рамзан Кадыров бұл қызметтен кетуі мүмкін. Өзінің Telegram-каналы арқылы халқына үндеу арнаған ол басшылықта тым ұзақ уақыт отырғанын мәлімдеді.

Достар, Ресей Федерациясындағы субъект басшыларының арасында ең ұзақ ел басқарған басшы мен екенмін. Мұны өзім де байқадым, ұзақ отырыппын. Ұзақмерзімді демалысқа лайықтымын. Мені түсінесіздер және қолдайсыздар деп үміттенем, –  деді ол.

Рамзан Кадыров 2007-2011 жылдар аралығында Шешенстан президенті болды. Кейін бұл лауазымды республика басшысы деп өзгертіп, күні бүгінге дейін елді басқарып келеді. Ресейлік тәуелсіз БАҚ-тар Кадыров кетсе орнына орынбасары Адам Делимханов тағайындалуы мүмкін екенін жазуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама