×

«15 мың теңге аударған»: сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты тың дерек шықты

18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш қайтыс болардан бір күн бұрын бір адамға 15 мың теңге жіберген

 Халық үні 03.09.2022 | 08:28
ашық дереккөзден

Жамбыл облысындағы Шөлдала шекара бекетінде өзіне қол салды делінген 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш қайтыс болардан бір күн бұрын бір адамға 15 мың теңге жіберген.

Бұл туралы қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан хабарлады.

Баршаңызға белгілі 19 тамыз күні ең бірінші мен Жамбылдағы “Шөлдала” шекара бекетінде атыраулық сарбаз Мираш Бекбол өз-өзіне қол салды деген қаралы хабар жаздым. Артынан зерттей келе бұл суицидтың артында Бекбол қайта-қайта туыстарынан, достарынан ақша сұрағаны белгілі болды. Бекболдың туыстарының айтуынша, ол қайтыс болардан екі күн бұрын ағасынан 28000-30000 теңге сұраған. 18 күні ол Айдана деген адамға 15000 теңге аудартқан. Төмендегі скриншоттардан КаспиГолдта кімнің аты шығып тұрғанын қараңыз, байғұс бала жазып жіберген.

Ильхам!

Даниял!

Саламат!

Айдана!, - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы «Шөлдала» шекара бөліміндегі әскери қызметкердің өліміне қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама