×

Қазақ қызы Обама қорының тұңғыш стипендиаты атанды

Оқуға «Girls Power Fund» қорының негізін қалаушы Динара Әуелбекова түсті

 Дастан Жұмабекұлы 02.09.2022 | 15:44
фото: instagram.com

«Girls Power Fund» қорының негізін қалаушы Динара Әуелбекова «Обама Қорының стипендиаттары» бағдарламасымен Колумбия және Чикаго университеттеріне оқуға түсті.

Динара Әуелбекова Назарбаев Университетінің экономика бойынша бакалавриатын бітірген. Оның Женева бизнес мектебінің халықаралық менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар. 2021 жылы ол «Girls Power Fund» қорын құрып,  700-ден астам жоғары сынып оқушылары мен жас әйелдерге кодтау, веб-әзірлеу және жобаларды әзірлеу бойынша өз істерін бастап кетуіне көмектесті.  Сонымен бірге ол еліміздің ауылдық жерлеріндегі жас әйелдерге STEM-білім алуға көмектесіп келеді.

Қолда бар мәліметке қарағанда, Д.Әуелбекованың қоры жобалар негізінде оқыту әдіснамасын пайдалана отырып, ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласында техникалық және көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған 20 мамандандырылған бағдарлама өткізді.

«Girls Power Fund» қоры көптеген жас әйелдерге, соның ішінде бала күтімі міндеттерімен бірге алып жүруге мәжбүр болған нәзік жандарға қашықтықтан оқытуға, COVID-19 пандемиясы кезінде тегін репетиторлықпен айналысуға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге ол «Еуразия» қорымен, Қазақстандағы БҰҰДБ және Германияның сыртқы мәдени байланыстар институтымен бірлесіп жобаларды басқару бойынша халықаралық кеңесші жұмысын қолға алып, қазір жемісті еңбек етіп келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама