×

Қарағанды облысында жыл басынан бері 73 бала із-түзсіз жоғалып кеткен

Олардың барлығы ата-аналары мен қамқоршыларына тапсырылды

 Дастан Жұмабекұлы 01.09.2022 | 17:16
фото: ашық дереккөз

29 тамызда Қарағанды қаласы полиция басқармасының Октябрь полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті.

Ішкі істер министрлігінің хабаралуынша, әйелдің 16 жастағы ұлы сағат 04.00 шамасында жұмысына кеткен, бірақ кешке үйге оралмаған. Сол күні полиция бөліміне 45 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Оның 17 жастағы ұлы жоғалып кеткені белгілі болды. Соңғы рет жігітті автотұрақта көрген, онда ол жеңіл автокөлікке отырып кеткен. Ата-анасының айтуынша, ұлдары бұрын үйден кетпеген. Оған қоса, жоғалып кеткен жасөспірімнің ұялы телефоны өшірулі болған.

Полицияға хабарлама түскен сәттен бастап кәмелетке толмағанның тұратын жеріне учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы келді. Бірден барлық полиция бөлімдеріне жоғалған балалар туралы бағдарлар келіп түсті, –  деді облыстың ПД ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Факизат Тультаева.

Сонымен қатар, жоғалған балалар туралы хабарламалар WhatsApp чаттарына жіберілген. Оған Ювеналды полиция, УПИ қызметкерлері, жалпы білім беретін мектеп директорлары, тәрбие бөлімінің меңгерушілері, сынып жетекшілері кіреді. Мұндай жақсы ұйымдастырылған чаттар тиімді ақпарат алмасуға септігін тигізеді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында полицейлер жасөспірімдердің орналасқан жерін анықтап, 17 жастағы жасөспірімді Ұлытау облысының кенттерінің бірінен, ал 16 жастағы жас жігіт Қарағандыдан ешқайда шықпаған және танысының пәтерінен тапқан. Олардың барлығы ата-аналарына қайтарылды.

Жыл басынан бері Қарағанды облысында 73 кәмелетке толмаған бала із-түзсіз жоғалып кетті. Олардың барлығы заңды өкілдерге – ата-аналарға, қамқоршыларға тапсырылды.

17 жастағы кәмелетке толмаған бала анасы қайтыс болған кезде үш жаста еді. 2013 жылы әкесі ата-ана құқығынан айырылды, ал қыз балалар үйіне тапсырылды. Тәрбиешілер оқушыны тек жағымды жағынан сипаттайды. Бірақ қыз өткен жылы Теміртау балалар ауылының SOS жеке білім беру мекемесіне ауыстырылды. 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың тамызына дейін кәмелетке толмаған жасөспірім сегіз рет мекемеден кетіп қалған, дегенмен ювеналды полиция қызметкерлері онымен профилактикалық әңгімелер жүргізді. Жасөспірім түзелуге уәде берді, бірақ қайтадан жоғалып кетті. Қазір кәмелетке толмаған баланы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы мәселе қойылды.

Үйден кетудің себептері әртүрлі. Кейбір балалар қаңғыбастыққа бейім немесе еркіндіктің дәмін татқысы келеді. Әсіресе ата-аналармен жанжалдан кейін. Бүгінгі күні 37 кәмелетке толмаған бала қараусыз және панасыз қалған ретінде есепте тұр. Бірақ, әрине, ата-аналар бәріне жауап береді. Мәселен, 18 заңды өкіл ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау), 40-тан астам – ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Ф.Тультаева.

Ол үйден кеткен 46 жасөспірім, әдетте, екі ата-ана жұмыс істейтін отбасылардан шыққанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама