×

«Үкімет бір қалта қантқа таластырып қойды». Депутат Жұманғаринге елдің аманатын жеткізді

Ол жаңа министрге сәттілік тіледі

 Дәурен Ерболат 01.09.2022 | 16:54
Фото: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ержан Құдайберген Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғаринге үміт артатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Біз кеше ғана барлығымыз елден оралдық. Халықпен кездесуде көп сұрақ қойылды. Қиын жылдары қазақ соңғы нанын бөлісіп жеп, қанша ұлысты аман алып қалды. Соңғы кезде Үкіметтің жасанды тірлігі бір қалта қантқа таластырып қойды. Бұл – елден сізге аманат. Мұндай жағдайды болдырмауға барлық күшіңізді салып жұмыс істейтініңізге сенімдімін. Жаңа жауапты қызметке тағайындалуыңызбен құттықтап, табыс тілегім келеді. Елдің кешегі мазағын қайта болдырмау үшін бар күш-жігеріңізді салады деп сенемін, - деді Ержан Құдайберген.

Отырыста Серік Жұманғарин «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық комиссияның кадр құрамын қалыптастыру тетігін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын баяндады. Дауыс беру нәтижесінде депутаттар бұл заң жобасын мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама