×

Беларусь ноутбук шығарды

Ол «Горизонт» телевизор шығарытын зауытта құрастырылған

 Дастан Жұмабекұлы 01.09.2022 | 16:16
фото: iphones.ru

Бүгін Беларусь президенті Александр Лукашенко «Тарихи зерде – болашаққа жол» атты ашық сабақта алғашқы отандық ноутбукты таныстыру рәсімін өткізді.

Iphones.ru-дың хабарлауынша, ноутбук «Горизонт» телевизор шығарытын зауытта құрастырылған. Беларусь президенті мектеп оқушылармен және студент жастармен кездесуде ноутбуктың 88 пайызы шетелдің құралдарынан, ал 12 пайызы отандық  өнімнен жасалғанын атап өтті.

Мен біздің мамандарға отандық ноутбукты жасап шығару үшін тапсырма бергенмін. Олар тапсырманы орындау үшін бүкіл әлемді айналып шықты десем болады. Менің айтайын дегенім, біздің елдің әлеуетті мүмкіндігі зор. Біз осы мүмкіндікті пайдалануымыз керек, –  деді ол.

Беларусь президенті жыл соңына дейін ноутбуктың 30 пайызы таза отандық өнімдерден құрастырылатынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама