×

Қандастарға қатысты саясат түбегейлі өзгереді – мемлекет басшысы

Қазақстанда еңбекқор адам мен кәсіби маманның еңбегі бағалануы керек

 Дәурен Ерболат 01.09.2022 | 14:46
Фото: akorda.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қандастардың көшіп келуіне қатысты саясат түбегейлі өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Мұнда демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды, - деді мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Президенттің пікірінше, қуатты ұлттың діңгегі – халық.

«Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын, елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Олар мемлекетімізді дамытады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалатынын айтқан еді.

Сондай-ақ күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізу ұсынылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама