×

ҚТЖ транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады

Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр

 Халық үні 01.09.2022 | 12:45
Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан темір жолы» компаниясы транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отырғанын айтты.

«Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Каспий дәлізі дамып келеді. Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. «Қазақстан темір жолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады», - деді президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомар Тоқаев Қазақстан халқына жолдауда 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кем дегенде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бергенін айтты.

«Бұл мәселені Үкімет тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс», - деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама