×

Әйелдер зейнетке 61 жасында шығады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу керек

 Дәурен Ерболат 01.09.2022 | 11:52
фото: ашық дереккөз

2028 жылы әйелдер 61 жасында зейнетке шығады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алдымен ол елдегі зейнетақы жүйесіне тоқталды.

Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120%-ға дейін жеткізу керек. Осыған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деді президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы қоғамда қызу талқыланған әйелдердің зейнетке шығу мәселесіне тоқталды.

«Әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жыл деңгейінде белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама