×

Дойбыдан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына бір қола түсті

Үшіінші орынға командалық сында Алтынай Жұмагелдиева мен Тоғжан Тәжібекова ие болды

 Дастан Жұмабекұлы 31.08.2022 | 14:41
фото: ашық дереккөз

Болгарияның Кранево кентінде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 64 дойбыдан өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына тағы бір жүлде түсті.

Әйелдер арасында классикадан өткен командалық сында  құрамында оралдық Алтынай Жұмагелдиева мен Тоғжан Тәжібековалар өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы қола жүлдені жеңіп алды.

Бірінші-екінші орынға Беларусь пен Ресей дойбышылары ие болды. Төртінші орында Өзбекстан құрамасы болса, үздік бестікті Молдова түйіндеді.

Бүгін әлем чемпионаты толық аяқталып, классикадан жекелей сынның чемпиондары белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама