×

Мүсінші Тілеуберді Бинашев қайтыс болды

Тілеуберді Бинашев 1956 жылы 16 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

 Халық үні 30.08.2022 | 06:33
ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев өмірден өтті. Бұл туралы ҚР Суретшілер одағының мүшесі Марлан Нысанбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Досымыз, әріптесіміз, белгілі мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Академия мүшесі Тілеуберді Бинашев өмірден өтті. Иманы саламат болсын, – деп жазды Марлан Нысанбаев.

Тілеуберді Бинашев 1956 жылы 16 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Тілеуберді Бинашевтың туындылары, атап айтқанда Күләш Байсейітова, Құрманғазы, Ахмет Жұбанов ескерткіштері, Райымбек даңғылындағы этнографиялық мүсіндері Алматының сәулет келбетін, сонымен қатар Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражай коллекциясын безендіріп тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама