×

Петропавлда 15 жасар оқушы қыз асылып өлді

Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр

 Халық үні 28.08.2022 | 17:35
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы  СҚО полиция департаменті мәлімдеді.

28 тамызда Петропавл қаласы полиция басқармасының Бірінші полиция бөлімінің кезекші бөліміне 2007 жылы туған қыздың өзіне қол салғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, — делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Қабылданған шаралар нәтижесі бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама