×

Қытай аспанында ерекше бұлт пайда болды (ВИДЕО)

Ол қалпақ тәрізді, көлемі қалыпты бұлттардан үлкенірек болады

 Еркеғали Болатұлы 27.08.2022 | 14:23
фото: ашық дереккөз

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Пунинг қаласының тұрғындары сирек кездесетін және ерекше әдемі табиғат құбылысының куәсі болды.

Олар түрлі түске боялған бұлт үйіндісінің көрінісін бейнежазбаға түсіріп алған.

Видеодағы құбылыс – Пилеус бұлтының көрінісі. Ол қалпақ тәрізді, көлемі қалыпты бұлттардан үлкенірек болады. Олар өте динамикалық түрде пішінін тез өзгертеді.

Бұл ретте күн сәулесі су тамшыларына түскен соң, ол кемпірқосақ әсерін тудырып, бұлттарға сондай түс берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама