×

Таэквондошылар Вьетнамнан 15 медаль алып келе жатыр

Оның ішінде 4 алтын, 6 күміс және 5 қола жүлде бар

 Дастан Жұмабекұлы 26.08.2022 | 13:48
фото: olympic.kz

Вьетнамның Хошимин қаласында кадеттер арасында ITF таэквондодан Азия чемпионаты аяқталды.

Бұл туралы Таэквондо федерациясы хабарлады.

Мырзағали Сурановтың шәкірттері құрлықтық додадан 15 медальге ие болды. Оның ішінде 4 алтын, 6 күміс және 5 қола жүлде бар.

Медет Елемесов (53 кг, ШҚО), Нұрперзент Саматұлы (33 кг, Қызылорда облысы), Достан Нажимханов (49 кг, Шымкент қаласы), Ярина Пуганцова (29 кг, Алматы қаласы) Азия чемпионы атанды.

Күміс жүлдені Айым Серікбай (33 кг, Жамбыл облысы), Нұрай Амангелді (37 кг, Алматы облысы), Ақбота Желеу (41 кг, Алматы облысы), Бекет Болатұлы (45 кг, Атырау облысы), Дарын Зейнеш (57 кг, Алматы қаласы), Теміржан Тасқын (41 кг, Қызылорда облысы) иеленді.

Қола медальге Торғын Әлімхан (47 кг, Қызылорда облысы), Ольга Власюк (+59 кг, Қарағанды облысы), Артур Пак (61 кг, Алматы қаласы), Әміржан Иманбаев (+65 кг, Алматы қаласы), Жұмабек Нұрайым (44 кг, Жамбыл облысы) ие болды.

Бүгін жасөспірімдер арасындағы бәсекелер басталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама