×

Дзюдодан әлем чемпионаты: ел қоржынына бір қола медаль түсті

Үшінші орынды 60 килода Талғат Орынбасар жеңіп алды

 Дастан Жұмабекұлы 26.08.2022 | 13:27
фото: ашық дереккөз

Дзюдодан әлем чемпионаты: ел қоржынына бір қола медаль түсті

Босния мен Герцеговинаның Сараево қаласында жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні ел қоржынына екінші қола жүлде түсті.

60 килода сынға түскен Талғат Орынбасар қола жүлдеге ие болды. Бұл салмақта алтын жүлдеге Грузия балуаны Давид Карели ие болса, екінші орында француз Келвин Рау. Талғатпен бірге екінші қолаға ие болған Низами Имранов (Әзербайжан).

Бүгін татамиге Алтай Ақбар (73 кг), Егор Раков пен Асқар Біржанов (екеуі де 81 кг, - ред.), Дана Әбдірова (57 кг) мен Ақбота Қыдырәліге (63 кг) шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама