×

Путин әскер санын көбейтті

Ресейде солдат пен офицер 2 039 758 адамға жетті

 Дастан Жұмабекұлы 26.08.2022 | 10:52
фото: russian.rt.com

Ресейде әскер саны 137 мыңға адамға көбейеді. Тиісті жарлыққа РФ президенті Владимир Путин қол қойды.

Бұл туралы «Новости» агенттігі хабарлады.

Жаңа құжат 2023 жылы күшіне енеді. Енді әскер саны 2 039 758 адам болады. Соның ішінде 1 150 628 әскери қызметкер бар.

2017 жылғы 17 қарашада шыққан жарлыққа сәйкес, Ресей әскерінде 1 902 758 солдат пен офицер, соның ішінде 1 013 628 әскери қызметкер болған.

Енді Қорғаныс министрлігіне жарлықты орындау үшін қосымша қаржы бөлінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама