×

БҚО-да жоғалып кеткен 18 жастағы студент өлі күйінде табылды

Жігіт 25 тамызда Оралға қайтып келуді жопарлаған.

 Халық үні 26.08.2022 | 08:06
Фото: Pexels.com

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында жоғалып кеткен 18 жастағы Ерасыл Төлеуғалидың денесі Жайық өзенінен табылды, - деп хабарлайды  "Мой город" басылымы.

25 тамызда Ерасыл Төлеуғалидың денесін сүңгуірлер Жайық өзенінен алып шықты. Ол суға киіммен түскен, - делінген хабарламада.

Еске салайық, колледждің 3-курс студенті Ерасыл Төлеуғали демалыс кезінде Ақжайық ауданындағы туыстарына үй шаруасына көмектесуге барған. Студент жігіт Базаршолан ауылының жанындағы Қыдырбай қыстауында болған. Алайда 21 тамызда қыстаудағы шөп өртеніп, Ерасыл туыстарымен бірге малды алыс жерге айдауға шыққан. Артынан інілерін үйге қайтарған ол сол күйі қайтып келмеген.

Жігіт 25 тамызда Оралға қайтып келуді жопарлаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама