×

Зеленский биліктен кетуге дайын екенін айтты

Соғыс Қырымнан басталды. Қырыммен аяқталады, – деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 25.08.2022 | 11:42
фото: ria.ru

Украина президенті Владимир Зеленский егер халық одан биліктен кету туралы талап қойып, осының өзі соғысты тоқтатуға көмектесетін болса, ақпан айында отставкаға кетуге дайын екенін айтты.  

Бұл туралы «Washington Post» басылымы хабарлады.

Мен билікті ұстап тұруға тырыспаймын.  Егер бұл маған қатысты мәселе болса және ол соғысты тоқтатуға көмектесетін  болса, онда мен биліктен кетуге дайынмын. Мен қазір-ақ кетемін. Мен саясатқа ол үшін келген жоқпын, –  деді Зеленский.

Бұған дейін Зеленский Қырым платформасы халықаралық саммитінде сөйлеген сөзінде Қырымды серіктес елдермен кеңеспей-ақ, кез келген әдіспен қайтаруға уәде беретінін айтқан.

Соғыс Қырымнан басталды. Қырыммен аяқталады, –  деді ол.

Украина басшысы сонымен бірге Киев Ресейге қарсы тұру үшін көбірек Батыс қаруы қажет екенін атап өтті.  Оның айтуынша, қазір Украина атысты тоқтатуға дайын емес.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама