×

Дзюдодан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

Қола медальді 40 кг салмақта Диас Жолдыбаев жеңіп алды

 Дастан Жұмабекұлы 25.08.2022 | 09:54
фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

Босния мен Герцеговинаның Сараево қаласында жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен әлем чемпионаты басталып, жас дзюдошылар ұлдар арасында 50, 55 және қыздар арасында 40, 44 кг салмақ дәрежелерінде бақтарын сынады.

Чемпионаттың алғашқы күні Диас Жолдыбаев (40 кг) ел қоржынына алғашқы қола жүлдені салды.

Бұл салмақта алтын жүлдені Франция балуаны Мотоли Бонгомбе Ян жеңіп алса, екінші орында венгр Коллар Себастьен. Диаспен бірге екінші қола медальге Дэвид Лейва (АҚШ) ие болды.

Бүгін татамиге Талғат Орынбасар  (60 кг), Арғынбек Нұрлыбек пен Мағжан Әлжанов (екеуі де 66 кг, - ред.), Нұрайлым Сәрсенбек пен Самал Мәлікқызы шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама